Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының
«Маңғыстау облыстық аралас жекпе-жек кәсіптік спорт клубы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2018 жылдың қаңтарынан жұмыс істейді.
Аралас жекпе-жек кәсіптік спорт клубы қызметінің мақсаты: Маңғыстау облысы аумағында Панкратион, Грэпплинг, ММА және басқа да спорттың соққы түрлері мен жекпе-жектің аралас түрлері саласындағы саясатты жүзеге асыру.
Клубтың спорттық базасы жоқ, Ақтау қаласы 34 «А» шағын ауданында орналасқан «Батыр» спорт кешенінің спорт залын, футбол алаңын және кеңселерін жалдайды.
Клубта олимпиадалық емес 6 спорт түрлерінен 570 спортшы жаттығады, оның ішінде ауылдық жерлерде– 190.
КЛУБТА БАРЛЫҒЫ:
Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері – 6,
Қазақстан Республикасының спорт шебері – 24
Спорт шеберіне кандидат – 96.